Денсаулық сақтау сапа және аккредитация институты (IQAH) ұйымдастырған Халықаралық аккредитация форумының аясында «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Ұлттық аккредитация нәтижелері бойынша Жоғары сапа санатымен марапатталды!
Бұл – біздің еңбегіміздің жоғары бағалануы және денсаулық сақтау жүйесіндегі сапа мен медициналық көмектің қауіпсіздігі бойынша Ұлттық стандарттарға толық сәйкестігіміздің дәлелі.
Іс-шараға Орталық атынан Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Чувакова Эльмира Келесқызы, пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Ачкасов Владислав Борисович, стратегия, сапа менеджменті және стандарттау бөлімінің басшысы, ұлттық аккредитация сарапшысы Сүлейменова Индира Сәрсенбекқызы қатысты.
Форум ұйымдастырушыларына тәжірибе алмасуға және денсаулық сақтауда сапа мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін мазмұнды алаң ұсынғандары үшін алғысымызды білдіреміз.