Астана қаласы әкімдігінің №62 мектеп-лицейінің оқушылары Ұлттық ғылыми медициналық орталығында «Медицинамен бір күн» жобасы аясында болды.
Оқушылар алдымен Орталықтың тарихымен, негізгі қызмет бағыттарымен және заманауи медицинаның мүмкіндіктерімен танысты. Экскурсия барысында олар медицина саласындағы түрлі мамандықтар туралы ақпарат алып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы жайлы қызықты мәліметтер білді.
Экскурсия жетекшілері – Мейірбике ісі қызметінің жетекшісі Мусабаева Айна Муратовна және маркетинг, сату және жарнама бөлімінің жетекшісі Воронцов Альберт Андреевич болды. Бұл профориентациялық кездесу мектеп оқушыларының медицина мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және олардың болашақ кәсіби таңдауына бағыт-бағдар беруге арналды.
Кездесу соңында Альберт Андреевич оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тілеп, оқуда жоғары жетістіктерге жетулеріне және болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдауларына тілектестігін білдірді.